Анықтама
22 қаңтар күні мектебіміздің кітапханасында «Ата – баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат!» жобасы аясында тәрбие ісінің орынбасары Тасмагамбетова А.С мен тәлімгер Нұрым А.С ұйымдастырумен «Қыз бала - халықтың шырайы, ұлттың ұяты» тақырыбында 9ә,в сынып оқушыларына дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай: әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік т.б жан жақты ұлттық қасиеттерді таныта білу. Қазақ халқының әдет ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға «Қазақ қызы қандай болу керек?», «Қызға қырық үйден тыйым» атты тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар қойылды. Оқушылар тарапынан әр түрлі сұрақтарға жауаптар алынып, қыз балаға тән мәселелер талқыланды. Оқушылар белсене қатысты.