Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектеп тарихы
Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі 1999 жылы Тасқала селосында құрылды.
Аудан орталығында қазақ мектебі ашылды. Осы уақытқа дейін орыс және қазақ тілдерінде оқитын аралас мектептен бөлініп, өз алдына отау тіккен білім мекеніне ғұлама ғалым Қ.Сәтбаев есімі берілді. Мектеп директоры болып аудан тұрғындарына танымал ұстаздардың бірі – Тасмағанбетов Бақтығұл Жұмажанұлы тағайындалды. Салтанатты жиында аудан әкімі Р.О.Карин мектеп директоры Б.Ж.Тасмағанбетовке мектептің символдық кілтін табыс етті. Бұл республика бойынша ашылған 8 мектептің, облыс бойынша ашылған 2 мектептің бірі еді.
Жаңа ашылған білім ордасына жан-жақтан білімді де білікті ұстаздар жинақталды. Алғашқы оқу ісінің меңгерушісі – Нұртазина Райгүл Темірқызы, тәрбие ісі меңгерушісі - Нұрмақова Майра Әбуқызы болды.
2002-2010 жылдары мектептің директоры болып Тастлеуова Жібек Кәрімқызы, 2010-2013 жылдары Айтжанов Жанболат Халенұлы мектеп директоры қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап Джумалиева Жанар Шамуратовна мектеп директоры қызметін атқарып жүр.
Мекен жайы: Тасқала селосы, Абай көшесі, 34 үй
Телефон 87113921421, факс: 87113922199
Е-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мектепте жалпы оқушы саны – 621 оқушы
Соның ішінде 1-11 –525 оқушы
Мектепалды даярлық сыныбы –70оқушы
ТДО – 6 оқушы
2018-2019 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектепке қамтылған оқушы саны - 80
Мектепте барлығы 27 класс комплект.
1 сынып – 80
2 сынып – 59
3 сынып - 81
4 сынып - 78
5 сынып – 36
6 сынып – 39
7 сынып – 48
8 сынып – 47
9 сынып – 45
10 сынып – 38
11 сынып – 29
Шағын орталық – 12
Жеке оқыту – 5
Коррекциялық класс – 6
Мектепалды даярлық сыныбында – 70
Бастауыш сыныпта –298 , 5-9 сыныптарда –215 , 10-11 сыныптарда – 67
Мектеп мұғалімдер кадрлармен толық қамтылды. Барлық мұғалімдер саны - 79
Жоғары санатты - 7, бірінші санатты - 3 , екінші санатты – 7 , педагог шебер – 1 , педагог зерттеуші – 15, педагог сарапшы – 14, педагог модератор – 15, санаты жоқ- 16
Барлық кіші қызметкерлер саны –
Еден жуушы - 10 , вахтер - 2 , гардероб - 2 ,жұмысшы - 2 , орынбасары - 1 , инженер - 2 , машинист - 1 , күзетші -3 , оператор – 3
Жас маман саны – 11
Олар: ( Кадырберлиева А.М. , Иржанов Р.Б. , Нұрым А.С. , Сисенгалиева Н.Х. , Амангелді Ғ.А. , Иргалиева Г.С. , Ергалиева А.Б. , Бахашева Б.Н. , Сапарова А.Т. , Сисенгалиева Г.Я. , Ордабаева С.А.)
2013-2014 оқу жылында, 2014 жылдың 12 сәуір күні Қ.Сәтбаевтың туған күнінде мектептің 15 жылдығына орай жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев мектебінде мұражай ашылды. Мұражай «Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мұражайлардың ережесін» (№213 бұйрық 26.04.1999ж) негізге ала отырып құрылды. Музей көлемі 40 м2. Қазіргі уақытта негізгі экспонаттар саны 272, қосалқы 55. Мұражайдың бейіні: «Мұғалімдік – мәңгілік мамандық». Мұражайдың бағыты: педагогикалық (мектеп тарихы, мұғалімдер мен түлектер туралы мәліметтер жинағы, стендтердің жасалуы, экспозициялар, планшеттер, фотоальбомдар, мұғалімдер мен оқушылардың педагогикалық еңбектің ардагерлерімен кездесулерін ұйымдастыру мен өткізу, салтанатты шаралар мен экскурсиялар өткізу).
Мұражайдың ашылуына дайындықта материалдардың жүйелілігі мен жинақтары, мектеп жұмыстарының жылдағы жиғандары, мұғалімдер портреттерінің рәсімделуі, осы күнге дейін мектепте жұмыс істегендердің және осы күнде жұмыс істеушілердің негіздері, стендтердің рәсімделуі, планшеттер, үстел-витриналар, жиһаздарды таңдап алу үш жылдың көлемінде жүзеге асырылды.
Джумалиева Ж.Ш. - мектеп директоры, мұражайдың негізін салушы; Кеңес Мұражайының мүшесі.
Гарифуллина Г.Т. – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Мұражайдың құрылуының бастаушысы, Кеңес Мұражайының төрағасы.
Нагиева А.А. – бастауыш сыныптың оқу ісі орынбасары, Мұражай құрылуының бастаушысы.
Біздің мектебіміздің Мұражайында 10 стенд, 2 экспозиция, 15 сынып бітірушілерінің суреттері бар жылжымалы планшет, 65 мұғалімдердің портреттері, 5 фотоальбомдар, 5 әйнек үстелдер, 10 үстел-витриналар саналады.
Стенд тақырыптары: «Мектеп директорлары», «Грант иегерлері», «Мектеп жетістіктері», «Мектеп түлектері» және т.б.