19 Маус 2021
Жаңалықтар

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

"Білім" бастауыш партия ұйымының бастамасымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Өлкенің гүл жайнаған балғындары” атты мерекелік шара оздырылды. Мерекелік шараны ашу үшін сөз мектеп директоры Джумалиева Ж.Ш берілді.  Мерекелік шара барысында балалар хореограф Сариева М.Н жетекшілігімен барлығы бірлесе флэшмоб биледі. Кейін, сайқымазақ, фиксики кейіпкерлері келіп, балаларға ізгі тілектерін айтып, көңілдерін көтеріп, “Фиксиктер” биін билетті. “Мұрын, мұрын” , “Бір, екі, үш” ойындары ойнатылды.

Мерекелік шара соңында балалар өз қиялдарынан туындаған “Бақытты балалық шақ” тақырыбында асфальтқа суреттер салды. Балалар күні құтты болсын!