19 Маус 2021
Жаңалықтар

7 маусым Лагердің ашылу салтанаты

Бүгін, 7 маусым күні мектеп жанынан “Бала - өмір гүлі” атты “Достық” жазғы тынығу сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты:  Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау. Ашылу салтанаты барысында демалыс лагерін ашу үшін мектеп директоры Джумалиева Ж.Ш сөз алды.  2 сынып оқушысы Берік Алтынзер “Бақытты бала” әнін орындады. Балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында ортаға кейіпкерлер шақырылып, балалармен бірге флэшмоб биледі. Лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл күйде өткізілді. Балалар мәз болып, кейіпкерлерден қалыспай биледі.