№19 Қ.Сәтпаев атындағы метеп – гимназиясында 2019 жылдың 1 қыркүйек күні «Сәлем саған, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға мектбіміздің ардагар ұстазы Құмарова Қаламқас қатысып, ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай ақ жиынға Атырау ҚПБ-у ЖПҚБ-ң ЮПБ-ң УПИ –ы полиция аға лейтенанты Бексейтов Багдан Берикович және Атырау қалалық полиция басқармасы полиция подполковнигі Рахметова Жаннат Елемесқызы қатынасып, жасөспірімдердің құқықтары мен құқықбузушылықтың алдын алу шаралары туралы баяндама оқып, түсінік беріп өтті.
Алғашқы сабақ «Мен елімнің патриотымын!» тақырыбында өтті. Алғашқы сабаққа сынып жетекшілер тыңғылықты дайындықпен келіп, оқушыларға патриоттық бағыттағы сабақтар өткізді.