Ұстаздар күніне орай «Ұстаз деген аяулы асыл жанды жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең» ЧЕЛЛЕНДЖ өтті. Оған мектебіміздің жас мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары қатысып, өз туындыларын ұсынды. Мектептің жас мұғалімдері ұстаздарды айтулы мерекмен құттықтап, әннен шашу шашты.
Шеберлер қалашығы сайысына мектебімізден оқушылар қатысып, өз жұмыстарын ұсынды. Қатысқан оқушыларымызждың көпшілігі жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты. 6а сынып оқушысы Ибрагимова Азиза бас жүлдені жеңіп алып республикаға жолдама алды. Жетекшісі Бисенова Нұрбақыт.