1-11 сынып аралығында 25 қазан күні «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: оқушыларға әр адамның отбасындағы тұлға екендігін ұғындыра отырып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы мен оның патриоттық көзқарасын дамыту.
Бірыңғай сынып сағатына оқушылар белсене атсалысып, отбасы туралы өз ойларын ортаға салды. 10 б сынып жетекшісі Б.Қыдырова, 2 г сынып жетекшісі Г.Касмуханова, 2 ә сынып жетекшісі Ж.Шамжанова, 7 а сынып жетекшісі А. Лекеров, 8ә сынып жетекшісі Н.Амирова, 5а сынып жеткешісі Б.Сейтова, 1 д сынып жетекшісі А.Сарбалина, 9 ә сынып жетекшісі Р.Сарбалина, 10 в сынып жетекшісі Г.Тлепова, 11 сынып жетекшісі А.Утемисова сынды сынып жеткешілерінің сынып сағаттары жоғары дәрежеде өтті.
Өскелең ұрпақтың бойына адалдық ,әділдік, адамгершілік, патриоттық құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектебімізде 5 қараша күні бірыңғай "Адалдық сағаты" өткізілді.Мектеп директоры А.Қ.Мырзағалиев оқушыларға жемқорлықтың қоғамға келтіретін зияны жайлы және адал жүрудің пайдасы туралы айтып оқушылармен ой бөлісті.
3 қараша күні Оқушылар орталығында өткен VII қалалық "Күй атасы-Құрманғазы" атты байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты. Кіші топтан 6 сынып оқушысы Алтай Мирас бас жүлде, Кисметова Аида 1-орын, үлкен топтан 10 сынып оқушысы Демеуова Әйгерім 1-орынды иеленіп, арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатжан Нұрсұлтан, Наурызбай Алмас, Кунушева Дария, Гайнолла Кәрім Алғыс хат иегерлері атанды.