1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты 24 ақпаннан 28 ақпан аралығында іс- шаралар өткізілді.Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Осындай айтулы мереке қарсаңында«Мейірімді жүрек – жылы тілек» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымы оқушылары мектеп оқушылары мен ұстаздарына арнап сазды бағдарламасын ұсынды. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімдер мен асхана қызметкерлеріне алғысын білдірді. 1 наурыз күні «Алғыс- сөздің асылы» атты 9-10 сыныптар ұстарға арнап мерекелік сазды бағдарлама өткізді. Мерекелік сазды бағдарламаға мектеп ұстаздарымен қатар, кіші қызметкерлер қатысты. Оқушылар көрермендерге ыстық ықыластарымен биден шашу шашып, әуезді ән сыйлады. Сонымен қатар, жоғарғы сыныптардың ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз сізге!...» тақырыбында лездеме өтті.
1 наурыз алғыс айту күніне орай №1 қалалық кітапхана ұжымы мектеп оқушыларының кітапханамен байланысының тығыз болуы мектеп ұжымының еңбегі деп бағалап, мектеп ұжымын құттықтап кітаптар жиынтығын сыйға тартты. "Жылы жүрек" парақшасына әр ұстаз тілектерін жазып, кітапхана ұжымына алғыс білдірді!
http://satpaev.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyq-satpaev/9366-%D0%B0%D0%BB%D2%93%D1%8B%D1%81-%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%83-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96.html#sigFreeId8440812ebd