10 Ақп 2021
Жаңалықтар

Ата аналардың ризашылығы

Ата аналардың  ризашылығы мен алғысы мектеп басшысы  мен мектептің  барлық ұстаздарына   толастаған емес. Ұстаз үшін шәкірт алғысына жетер қымбат баға жоқ. Бар еркелігін ата-анадан бөлек ұстазына да көрсетіп, мектебіне, сыныбына асығатын оқушыларымызбен тоқсандық демалыстарынан келгенде сағына көрісетінбіз. Бұл ұстаз бен шәкірт арасындағы ыстық ықыластың дәлелі еді. Қашықтықтан оқу балалық еркелігін көтеріп бірге бөлісетін сыныптастарына деген сағыныш пен ұстаздарына деген құрметті арттырғаны сөзсіз!  Қашықтық кезіндегі  жасалған  барлық жұмыстар мектептің ФБ  парақщасына  жарияланып  отырды.

25 мамыр соңғы  қоңырау  салтанатты  жиыны  еліміздегі  індеттің  өршуіне  байланысты  қашықтан яғни онлайн өткізілді.   Мектеп  басшысы Ақылбек Қишуұлы  барша  оқушыларды, ұстаздарды , ата аналарды  соңғы  қоңырау  мерексімен құттықады.