Құттықтау тілекті мектебімзідің ардагар ұстаздары Света Ерсайынқызы мен Құмарова Қаламқас апайларымызда жолдады.
4 маусым күні мектеп бітіруші түлектерт үшін «Сыңғырла ,соңғы қоңырау» тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды мектеп-гимназия директоры Ақылбек Қишуұлы ашты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Қалауиқызы оқушылардың оқу жылы барысында жеткен жетістіктері атап өтіп, мектеп түлектеріне мектеп бітіру аттестарын салтанатты түрде табыстады. Сонымен мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан оқушыларды марапаттады. Ата аналар оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге құттықтау сөздерін арнап, ақ жол тіледі. Салтанатты жиын түлектердің сазды арнауларымен жалғасын тапты. Алтын белгі иегері Даркембай Дамир мен үздік аттестат иегері Есенаманова Айгерім Жұмекен өлеңдерін оқыды. Жиыннан соң түлектер мектеп ауласына ағаш егу акциясын қатысты. Білім кілті табысталып, мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Ақ жол, жас түлек-2020!