10 Ақп 2021
Жаңалықтар

Құқықбұзушылықтың алдын алу

Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебінде 1-11 сынып аралығында Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тәрбие сағаттары оздырылды. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгіоерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. 2«В» сыныбында «Мен тәртіпті боламын» тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында  оқушыларға көшеде жүру тәртібі, оқушы құқықтары таныстырылды. Сабақ барысында тәртіпті оқушы қандай болу керек тақырыбында ой бөлісті.4 «А» сыныбында «Құқықбұзушылыққа жол жоқ!» тәрбие сағатында кітапханашы А.Б.Тасмагамбетова құқықтық әліппесімен таныстырып, оқушыларға  мақал – мәтелдермен тыйым сөздер айтылды. 6 «Б» сыныбынды «Құқықбұзушылықтың алдын - алу» тақырыбында тәрбие сағатында оқушыларға мектеп арасындағы құқықбұзушылық қысқа метражды фильм көрсетіліп, оқушылардан кері байланыс алынды. Барлық сыныпта тәрбие сағаттары тиісті деңгейде өтілді.