12- 16 қазан аралығында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жоспар құрылды.Осы жосарға сәйкес 12 қазан күні 1-11 сыныптар арасында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды. Мақсаты балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездікпен зорлық – зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. 4-5 сыныптарда «Зорлық зомбылық жасамау» тақырыбында тәрбие сағатында балаларға қоғамда кездесіп отырған зорлық зомбылықпен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беріп талқылады. Проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой өрісін, ойлу қабілетінің белсенділігін арттырып заң сыйлайтын тұлғаны қалыптасуына әсерін тигізді.
6-7 сыныптарда «Мен зорлық зомбылыққа қарсымын» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға мектептегі зорлық зомбылықтың түрлерімен таныстырып, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын – алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
8-10 сыныптар аралығында осы тақырыпта «Қоғамда зорлық зомбылыққа жол жоқ» қоғамдағы зорлық зомбылықтың адамға тигізер салдарымен қауіпінің неге әкелетінін айтып, «ҚР Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жазаланатынын тиісті материалдар арқылы көрсете білді. Апталықтың өтілуіне орай «Жасұлан» оқушылар ұйымы мен тәлімгер Борангалиева А.Т ұйымдастырумен онлайн форматта парақшалар таратылды.
13 қазан 8«А» сыныбына қосымша білім беру педагогы Жумагалиева А.М ұйымдастырумен «Зорлық зомбылыққа жол бермейік» тақырыбында сыныптан тыс шара онлайн форматта ватсап желісі арқылы өткізілді.14 қазан күні мектеп психологы Ихласов Д.Е 8-10 сынып оқушыларына «Зорлық зомбылықтың алдын алу» бойынша слайд, «Әкенің ең үлкен тәрбиесі көрсеткен үлгісінде», «Баланы мейіріммен тәрбиелеу керек» атты видеороликтер оқушылардың чаттарына жіберілді. 16 қазан күні әлеуметтік педагог Ахмедалиева Д.У тарапынан 1-11 сыныптарға «Отбасындағы зорлық – зомбылықтың бала мінезіне әсері» туралы ақпараттық кеңес айтылды.