10 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Сіріңке - бір өмірдің құны» атты тәрбие сағаттарының өтілуі

ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектебінде БҚО ТЖД Тасқала ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қауіпсіздік дағдыларын және іс-қимылдарды үйретуге бағытталған «Сіріңке - бір өмірдің құны» айлығын өткізу барысында  сынып жетекшілерге жадынамалар жолданды. 9 қазан күні «Сіріңке - бір өмірдің құны» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: өрт қауіпсіздігінің алдын алу, сақтық шараларын қолдану төтенше жағдайлар бөлімімен байланыс орнату керектігін түсіндіру. Осы бағытта 3б сыныбында «Сіріңкемен ойнама, балақай!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында отпен ойнама жадынамалар таратылып, жұмбақтар шешілді. 11 а сыныбында «Сіріңке бір өмірдің құны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: өрт қауіпсізідігінің ережелерімен таныстырып, қолдану шараларын жүзеге асыру мақсатында қысқаша дәріс оқылды. Бүгінгі тәрбие сағатына барлық сыныптар ат салысты. Ата-аналар мен оқушылар чаттарына жадынамалар таратылды. Жасалған жұмыстар әлеумметтік желіге салынуда.