23 қараша күні «Елбасы – ел мақтанышы» тақырыбында мектеп кітапханашысының ұйымдастырумен мектеп дәлізінде кітап көрмесі жасақталды. 25 қараша күні 1 желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күніне орай 7 «А» сыныбына онлайн форматта «Менің тұңғыш Президентім» атты сыныптан тыс сағат оздырылды. Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өміржолы, туып- өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанның халқын сүюге, ер жүректілікке, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Оқушыларға слайд арқылы тұңғыш президентімздің жүріп өткен жолдары мен еңбектері, өмірбаяны баяндалып көрсетілді.Оқушыларға сұрақтар қойылды, оқушылар қызығушылықпен тыңдап, белсенділік танытты. 26 қараша күні аға тәлімгер Борангалиева А.Т ұйымдастырумен «Елбасы сүйген ел әні» тақырыбында 1-4 сынып аралығында оқушыларға деректі фильмдер көрсетіліп, елбасының өмірі, қызмет еткен жылдары еңбектері баяндалып айтылды. 27 қараша күні кітапханашы Тасмагамбетова А.Б «Тұңғыш президент» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылуыда. 1-11 сынып аралығында оқушыларға тәрбие ісі меңгерушісі Тасмагамбетова А.С ұйымдастыруымен «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында тәрбие сағаттары 30 қараша күні ұйымдастырылады. Өткізілген шаралардың барлығыда әлеуметтік желілерге жариялануда.