23 қараша күні «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл қайырымды адамдық асыл қасиеттерді иегеруге ықпал ету.
Еңбек пәнінің мұғалімі Тастембекова И.С «Жүрек қуанышы» тақырыбында оқушыларымыздың қолдан жасаған туындыларынан көрме жасақтады. Көрменің негізгі мақсаты ұлттық қолөнерімізге, ою- өрнектерге деген қызығушылығын арттыру. «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында ата – аналарға арналған дәріс сабақты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Джусупкалиева А.У сынып жетекшілер чатына жіберіп, олар ата – аналарға таратты. Мектебіміздің кітапханашысы Тасмагамбетова А.Б «Рухани адамгершілік тәрбиесі» тақырыбында кітап көрмесін жасақтады. Кітап көрмесінің мақсаты рухани адамгершілік тәрбиеге байланысты кітаптарды таныстыру. 3 сыныптар арасында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нарымбаева Н.Б ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілшік әрбір жүректе» сурет байқауы оздырылды.
Өзін- өзі тану пәні мұғалімі Нарымбаева Н.Б ұйымдастырумен 3в оқушыларына «Жылулық жүректе» тақырыбында трениг өткізді.
http://satpaev.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyq-satpaev/9385-%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D1%8B-%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D2%B1%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D3%A9%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%83%D1%96.html#sigFreeIdf2da51838d