Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Санитарлық эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып санитарлық талаптарға сәйкес бала санын 30 проценттен асырмай 18 қаңтардан бастап мектеп асханасы жұмысын бастады. Бүгінгі таңда 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына ыстық тамақ берілуде. Мектеп асханасында ҚР денсаулық сақтау министрінің номер №611 бұйрығымен бекітілген СанПин бойынша қатаң қадағаланып тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мектеп медбикесі оқушылардың арақашықтығын қадағалап, қолдарын анитептикпен залалсыздандыру процестерін жүзеге асыруда.