Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шаралары аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблесының Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызым» іс – шаралар жоспарының өтілуі туралы анықтама
1 наурыз күні онлайн, оффлайн форматта 1-11 сынып оқушыларына «Алғыста шек болмайды» тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін сыпайылық қарым – қатынасын дамыту. Тәрбие сағаты барысында оқушылар бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
24 ақпан күні 9 сынып оқушыларына мектеп педагог психологі Ихласов Д.Е Ризашылық психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында алғыс айту күні туралы ақпарат айтылып, оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды. Оқушылар «Көңіл күйді бейнелеу», «Дақ графикасы» жаттығуларын және «Өзіңді-өзің білгін келсе» суретті тесті орындады.
25 ақпан күні Хареограф Сариева М.Н және тәлімгер Нұрым А.С ұйымдастыруымен 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұстаздарға мың алғыс» атты флэшмоб жасақталды. Жасақталған флэшмоб әлеуметтік желілерге жүктелді.
ТЖО Тасмагамбетова А.С және сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1- 11 сыныптар арасында «Алғысым шексіз ұстазым!» атты тақырыпта оқушылар челленджі ұйымдастырылды. Әр сынып бір-біріне челлендж жолдап әлеуметтік желілерге жүктелді.
ТЖО Тасмагамбетова А.С және сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Алғыс білдіремін» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары ұстаздарына қолдан жасалған «Ашық хат» табыстады. Фотоматериалдар әлеуметтік желілерге жүктелді.
«Сіздерге алғысым шексіз» тақырыпта іс-шара жоспарына сай директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары Дуйсегалиева Г.Н кіші қызметкерлерді мектеп ұжымы атынан алғыс білдіріп, алғыс айту күнімен құттықтады. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының төрайымы Гарифуллина Г.Т және директордың ТЖО Тасмагамбетова А.С еңбек пәнінің мұғалімі Тастембекова Э.С қол өнерінен туындаған әдемі гүлдері мен кішігірім сыйлықтарды табыстады.