1 ақпан күні тәлімгер Нұрым А.С ұйымдастыруымен мектепішілік жоспарға сай «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» атты тақырыпта зуум платформасы арқылы 11 сынып оқушылары мен студенттер арасында онлайн кездесу өткізілді.Онлайн кездесу барысында «Бос микрафон» кезеңінде оқушылар студенттерге әр түрлі бағытта сұрақтар қойып, жауаптарын ала алды. Кездесу өте қызықты өтті.Әрбір студент оқып жатқан оқу орындары туралы баяндап, студенттік шақтарының қызықты кезеңдерімен бөлісті. Оқуды грантта оқудың артықшылықтарын айтып, оқушыларымызға ізгі тілектерін жолдады. Кездесу соңында Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтармен таныстырылып, оқушылар мен студенттерге жағдаятты сұрақтар қойылып, әр тарыпты жауаптар алынды.
http://satpaev.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyq-satpaev/9936-%C2%AB%D0%B1%D2%AF%D0%B3%D1%96%D0%BD%D0%B3%D1%96-%D0%BE%D2%9B%D1%83%D1%88%D1%8B-%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B5%D2%A3%D0%B3%D1%96-%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82%C2%BB.html#sigFreeId7c2be55986