03 Нау 2021
Жаңалықтар

«Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік»

27 қаңтар күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тасмагамбетова А.С мен тәлімгер Нұрым А.С ұйымдастырумен 4 б сыныбында «Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік» тақырыбында сыныптан тыс сағат өткізілді. Мақсаты: Оқушылары жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету;

Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Сыныптан тыс  сағат барысында оқушылар қатар бойынша екі топқа бөлініп «Жол ережелері» тақырыпта бейнеролик көріп, жол қауіпсіздігі туралы сұрақтар мен жұмбақтарға мүлтіксіз жауап берді. Жол белгілері көрсетіліп оқушылар атауларын қателеспей атады. Жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жаднамалармен танысып, мән – мағыналарын терең түсінді. Оқушылар белсенділік көрсетті. Практикалық тұрғыда бағдаршамның, ақ жолақтың қызметін көрсете білді.

Тәрбие ісінің орынбасары Тасмагамбетова А.С

Тәлімгер Нұрым А.С