Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 6-30 қыркүйек аралығында «Тіл мәртебесі – ел мерейі» тақырыбындағы тіл айлығы өткізілді.
6 қыркүйек күні «Мәңгілік Ел-Мәңгілік Тіл»атты тіл айлығының ашылуы өткізіліп, кейін жоспар бойынша оқушылар арасында үш тілде эссе жазу байқауы, оқушылар арасында және жас мандар арасында «үштілділік- ұлт болашағы» атты пікірталас сайысы өткізілді. Ы.Алтынсариннің туғанына 180-жыл және Ж.Жабаевтың туғанына 175-жыл толуына орай мәнерлеп оқудан сайыстар өткізілді. Оқушылар арасында «тіл білгірлері» атты сайыс сабақтары және «Латын әліпбиі-өркениетке жол» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Айлық қортындыланып , белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.