«Қайырымдылық» айлығы және «қарттар күні» мерекесімен құттықтау мақсатында,жас ұлан ұйымының оқушылары көшеге шығып үлкен кісілерге құттықтау қағаздарын табыстады.
30 қыркүйек күні «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты бейнеролик сабағы жүргізілді. Бейнеролик мақсаты: Оқушылар өздерінің ата-әжелерімен таныстыру, ата-әжелерімен қызықты сәттердегі фото н/е бейнероликтерден бейнеролик жасақтау.
Апта бойы қарттар күніне орай «Үлкенге құрмет-ізеттілік белгісі» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясының мақсаты: Оқушылар жалғызбасты зейнеткеркердің үйлеріне барып үй шаруасына, сырқы шаруашылықтарға көмек қолын созды. 1 қазан күні «Ұстаздарға арналады аяулы әнім» атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік бағдарламаға мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылып, мерекелік құттықтау сыйлықтары табысталды.
«Жүректен-жүрекке» акциясы бойынша үйде оқылатын балаларға сыйлықтар табысталды.