6 желтоқсан күні мектеп кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы қарсаңында «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» атты кітабы бойынша 6 «а» сынып оқушыларына сұрақ- жауаптар шарасы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын сүйіп қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Таным белсенділігін арттыру. Кітап оқуға қызығушылық тұдыру
Шара басында ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуы туралы айтылды..
Әрі қарай «Сен Қазақстанды білесің бе?» атты республикалық байқауының облыстық, өңірлік кезеңінің жүлдегері Ануар Айым байқаудағы ұсынылған кітаптары туралы мазмұндап айтты.
Шара соңында еліміздің географиялық жағдайы, табиги аймақтары, жануарлары, тарихи ескерткіштері туралы сұрақтар қойылып,жауаптар қабылданды.
http://satpaev.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-satpaev/13696-6-zhelto-san-k-ni-mektep-kitapkhanasynda-t-uelsizdigimizdi-30-zhyldy-y-arsa-ynda-aza-stan-elimen-si-yrly-sayakhat-atty-kitaby-bojynsha-6-a-synyp-o-ushylaryna-s-ra-zhauaptar-sharasy-jymdastyryldy.html#sigFreeId02fbed955d