Мектебіміздің бітіруші түлек сыныптарға арналған «Мамандыққа бағдар» тақырыбында оқушылармен спикерлердің кездесуі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға дұрыс мамандық таңдауға бағыт бағдар беру; Ұбтға дейінгі және ұбтдан кейін мақсаты анықтауға бағдар.
Шараға қонақ болып 3 спикерлер қатысты. Ауданымыздың жас драмма үйірме жетекшісі және көп деген ауданымыздың жайдарман командалардың жетекшісі, сценарист Қамбар Сансызбайұлы. Қамбар Сансызбайұлы оқушыларға мамандық таңдап және қосымша өзіне ұнайтын хоббиімен айналысып жетістікке жету мақсатында түсіндірді.
Келесі спикер ретінде мектебіміздің жас маманы Райымбек Берікұлы қатысты. Райымбек Берікұлы оқушыларға мамандық таңдап, және қосымша адам өз-өзің жетілдіру мақсаттарын түсіндірді.
Алыстан келген қонақ спикер ретінде Орал қаласына танымал барбершоп Нұрхан Маратұлы қатысты. Нұрхан Маратұлы оқушыларға жоғары оқу орнын бітіріп ғана емес, сонымен қатар кәсіптік мамандық (колледж) бітіріп, жетістікке жету жолдарың түсіндірді.
Шарада оқушыларға мамандықтар жөнінде көп деген мағлұматтар берілді.