15 Нау 2022
Іс-шаралар

Мектебімізде «Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас»  атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа барлығы 136 ата-ана қатысты

Жиналыс жоспары бойынша

  1. Бетпе-бет кездесу. Сынып жетекшілермен, пән мұғалімдерімен ата-аналар арасында кездесу ұйымдастырылды. Ата-аналар пән мұғалімдерімен жолығып, өз балаларының сабаққа қатысуы және білім деңгейі бойынша сұрақтарға жауап алды.

2.«Баланың бас ұстазы- ата-анасы» атты мектеп директоры Джумалиева Жанар Шамұратқызы өз баяндамасын оқыды. Ата-ана, мектеп, ұстаз арасындағы байланыс және бірлескен жұмыстар бойынша таныстырды.

3.«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Ата-анаммен кітап оқимын»  акциясымен мектеп кітапханашысы Тасмагамбетова Ақлима Бақтыбаевна таныстырлым жүргізді. Ата-аналарға бұл жобаның пайдасы жайында түсіндіріп және алдағы уақытта бірлесе жұмыстануға шақырды.

4.«Кәсіптік бағдар»  жобасы аясында «Кәсіптік бағдар-болашаққа бағдар»  атты баяндамасымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Какимов Мирас Сансызбайұлы оқып, және осы жоба аясында атқарылып жатырған жұмыстармен таныстырлым жасады.

  1. Мектеп рейтинг: «Мұғалім мен оқушы мерейі» атты жобасы бойынша ДТІЖО Какимов М. С.  таныстырылым жасады. Бұл жоба бойынша атқарылатын жұмыстар және сыныптардың әрбір кезең бойынша баллдық жүйедегі есептелуі,  нәтижесі бойынша үздіктерді қалай анықталатындығы бойынша түсінік берді.

Жиналыс соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.