20 Шілде 2022
Іс-шаралар

"Үздік жас маман" байқауы өтті

"Жас маман" мектебінің жетекшісі Кайыргалиева Айнур Куановнаның ұйымдастыруымен мектепішілік "Үздік жас маман" байқауы өтті. Мектебімізде биыл алғаш еңбек жолын бастаған жас мамандарды шыңдау мақсатында өткізілген байқауға 5 мұғалім қатысты. Байқаудың I кезеңінде жас мамандар онкүндік аясында ашық сабақтар өткізіп,  әділқазылар бағаларын берді. ІІ кезең "Менің педагогикалық бастауым" тақырыбында өздерін таныстыру, жағдаяттарды шешу, шұғыл жауап, бейне сұрақ тарапындағы шарттардан тұрды.Байқау соңында көрермендер жазбаша дауыс берді. Қорытындысында 1 орын орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Сапарова Асем Тарасовна, 2 орын және «үздік сабақ»  иегері дене шынықтыру пәні мұғалімі Амангелді Ғасыржан Арыстанбекұлы, 3 орын информатика пәні  Иргалиева Галия Сапаровна және номинациялар  "Көрермен таңдауы" орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Сисенгалиева Гульбахыт Ягфаровна және белсене қатысқаны үшін математика пәні мұғалімі Ордабаева Сапарайдын Абдушайхыевнаға бұйырды. Қатысушыларға кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табыс етілді.