Үлкен Ешкі тауы – Батыс Қазақстан облысындағы биіктігі жөнінен екінші нүкте. Ешкітаудың абсолюттік биіктігі 259 метр. Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінің оң бетінде Ешкітаудан биік нүкте жоқ. Аумағының ықшамдығына қарамастан, мұнда түрлі дә¬режедегі Қызыл кітаптарға енгізілген 41 өсімдік түрі өседі. 1986 жылы археолог Б.Т.Райымқұлов Үлкен Ешкі тауының басынан таспен, топырақпен жабылған 8 қорғаннан тұратын зиратты тапқан. Бұл обалар ерте темір дәуірімен шамалас келеді. Сонымен қатар осы жерде жүргізілген археологиялық экспе¬дициялық жұмыстардың барысында 2002 жылы палеолит дәуіріне жататын ежелгі адамдардың тұрақтары анықталды. Осындай мәлеметтерді мектеп география және биология пәндерінің мұғалімдері Тәттігүл М,Эльмира Қ оқушыларға түсіндіріп айтып берді. Оқушыларға сирек кездесетін өсімдіктерді көрсетіп,толық мәлімет берді. Осы орайда оқушылардың алған әсерлері ерекше болды.Таудың ауасы бөлек екенін, өсімдіктердің жайкалып өсіп тұрғанын көріп таң қалды. Оқушылар ауданымыздағы осындай атаулы жерге барып танысып көргендеріне қуанып келді.