02 Қырқ 2022
Іс-шаралар

1 қыркүйек мерекесінің өтілуі бойынша анықтамасы

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

 1 қыркүйек мерекесінің өтілуі бойынша анықтамасы

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына орай , «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын 1 сынып оқушыларын ортаға шақырумен бастау алды. Салтанатты жиынға аудан әкімі апаратының басшысы- Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы; Тасқала аудандық білім беру бөлімінің әдіскері- Сағынов Нұртілек Тлегенұлы және ардагер ұстаздарымыз Кайыргалиева Ғалия Латыповна мен Баликова Ғайнижамал Нысанбаевна қатысты.

Мектеп директоры Джумалиева Ж.Ш. және шараға келген құрметті қонағымыз Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы ұстаздарды, ата-аналарды және мектеп оқушыларын мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты шарада Айжұлдыз би тобы «заманауи қазақ биі» орындады. Ар қарай мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып оқушылары өз құттықтауларын арнады. Алғашы қоңырау соғу салтанаты 1 сынып оқушысы Амангалиева Ақбаян мен 11 сынып оқушысы Темірболатов Ұлжасқа берілді. Салтанатты жиыннан кейін , әрбір сыныптарда тәрбие сағаттары өткізіліп, жаппай мемлекеттік акция бойынша жасақталған видеороликтері әлеуметтік желілерге орналастырылды.