17 Қырқ 2022
Іс-шаралар

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5-9 қыркүйек аралығында отбасы күніне орай өткізілген шаралар есебі

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5-9 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық жоспары жасақталып, жоспар бойында түрлі шаралар өткізілді.

1-4 сыныптарда отбасының адам өмірінде алар орыны, отбасы мүшелерінің міндеттері, оларды сыйлау құрметтеу керектігін меңгерту мақсатында «Отбасының адам өміріндегі маңызы» тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02ugGs3d8TzNpe2jqYnXFTaSGf32GLTH9G74Yvv6HZbUxcs7quN2MN5RNGc61CTApkl&id=100014468553001

 Мектепалды даярлық сыныптары отбасылық фото суреттерден фото көрме ұйымдастырса, 3-6 сыныптар көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Менің отбасым» тақырыбында сурет байқауына қатысты, нәтижесінде 5 сынып оқушылары Елтай Кәусар 1 орын, Ерсайын Ақбота мен Шахмет Жұлдыз 2 орын, 3 сынып оқушылары Рамазан Айзере мен Табысқызы Ақжібек 3 орын иеленіп, ертеңгілік жиында дипломдармен марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid03dFcEmJbLsHrDciPjLJnCgvtyo7W9LCfYj2Rtbm5WC8tyte8B93YaKmyTpHMnJZUl&id=100014468553001

7-қыркүйек күні отбасы күніне арналған апталық жоспар аясында, мектебіміздің гимназиялық сыныбының ата-аналарымен кездесу өтті.

"Ашық алаң" форматында өткен жиналыс мектебіміздің әншісі Жұмабаев Арнұрдың "Ана" әнімен ашылып, мектеп психологі Д.Е. Ихласовтың "Танысу" тренингімен "Допты сал" ойынымен жалғасын тапты.

 Мектеп директоры Ж.Ш.Джумалиева Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының Тасқала аудандық білім беру бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  бұйрықпен таныстырды.

  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т. Дуйсегалиева гимназиялық сыныптардың оқу жоспарымен, бөлінген гимназиялық сағаттармен таныстырып өтті.

 Кездесу соңында ата-аналар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, жауап алды.

  Шара ата-аналар мен ұстаздардың караокемен айтқан "Әке" әнімен аяқталды. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0kDGyA2yaWUsv5qYwFBgp3XgvxZDXz97Vp7noQMm3Ryex73VJ9kaHZSxkLcBHTULil&id=100014468553001

9 қыркүйек күні «Бір әкенің тәрбиесін, жүз мектеп те бере алмайды» тақырыбында  аудандық мешітінің бас имамы  - Нажмитдинов  Құлтөре Сақийұлы және аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы – Думан Ғазезбен  кездесу өткізілді. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі әкенің алар орыны туралы сөз қозғалды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02fFwfXbNNY3f2onPmWMHqWsMQbvkqsJDow5jWkJwhd8L3cnYmb2zuDZaogp6wkabXl&id=100014468553001