30 қараша күні кітапханада «Ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу 8 «б» сыныбына өткізілді.Шараның мақсаты саясаттың суырылған сара саңлағы,бүкіл әлем мойындаған дара тұлға,алғыр басшы,Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туындыларын, ол туралы жазылған шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Шара басында 10«б» сынып оқушысы Төлеген Айнамкөз дайындаған Елбасы туралы бейнеролигін тамашаладық. Әрі қарай «Елбасы жайлы» бейнеролик көрсетілді.Шара соңында 6«а» сынып оқушысы Ануар Айым «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» атты кітабы туралы қызықты әңгімелеп берді.