09 Нау 2022
Мектептегі тамақтану

Асхананың жағдайы туралы анықтама 2021-2022 оқу жылы

Қ.Сәтабев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Асхананың жағдайы туралы анықтама

2021-2022 оқу жылы

Мектеп асханасы 2021 жылдан бастап « Кульчикова» ЖК- мен келісім шарт жасалып, солардың ұйымдастыруымен оқушылар ыстық тамақпен қамтылып келеді.  Асхана екі бөлмеден тұрады: ас  дайындайтын бөлме және ас ішетін бөлмесі бар. Ас ішетін бөлменің көлемі-122м, онда 17 үстел, 102- орындық бар. Ас дайындайтын бөлме 2 газ плита, 2 тоңазытқыш, 1 электрлік еттартқыш, 600 дана ыдыс-аяқтармен жабдықталған. Қол жуғыш-4, қол кептіргіш-2 бар. Орталықтандырылған сумен қамтылған.

Асхананың санитарлық жағдайы нормаға сай жабдықталған. Асхананның тазалығы да санитарлық талапқа сай. Ас блогында мектеп медбикесі санитарлық қағидаларға сүйене отырып (ҚР 30.01.2015ж №179 Қаулысы және ҚР Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №234 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қағидаларына) сәйкес асхана тазалығын тексереді. Асханада барлығы 5 қызметкер жұмыс істейді. Ас блогы қызметкерлерінің арнайы киім  жиынығымен қамтамасыз етілген.

Ас мәзірі 10 күнге жасалып  мектеп директорына бекітіліп тұрады. Әрбір тамақ әзірленген қазаннан тікелей тамақ сынамасын алып, күн-сайын тәуліктік сынамасын алуы мен сақталуын қамтамасыз етіліп тұрады.

Қазіргі таңда    МДС , 295 бастауыш сынып оқушылары түгелімен, 57 бала тегін тамақтану ( 18 бала аз қамтылған, 39 алқалық шешім бойынша)  бастауыш сыныпта 23 бала, 5-11 сыныпта 31 бала тегін тамақтануда. Барлығы 352 бала тегін  тамақтануда.